Биыл елордамыздың көлік және коммуникация саласына 55,7 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Integrity Astana жекеменшік мекемесі бұл қаржының бір бөлігі тиімсіз және заңбұзушылықпен жұмсалып жатыр деп санайды. Олар бұл пікірге ашық деректерде жарияланған құжаттарды мұқият оқып шыққан соң келгенін, тіпті күдік ұлғая түскенін айтады. Себебі бір көшені жөндеу бағасы 1 шақырымы үшін 58 мың теңге деп белгіленсе, келесі бір қысқа көшені жөндеу құны 1 шақырымы үшін 113 мың теңге деп бағаланған