Республикадағы медициналық қызметтерді қаржыландыру тетіктерінің ашықтығы мен есептілігі туралы азаматтық мониторинг мектебіне қабылдау ашылды.

👩‍💻Қатысушылар мектепте оқығанда қандай білім мен дағдыларға ие болады?

🚩Бюджетті адвокация дегеніміз не?
🚩ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландыру тетіктері.
🚩Ашық бюджеттік деректерді қалай іздеуге және олармен жұмыс істеуге болады?
🚩Белгілі бір аймақта және жалпы Қазақстан Республикасында медициналық қызметтерді қаржыландыру механизмінің ашықтығы мен есептілігін қалай бақылауға болады?
🚩Тиімді бюджеттік адвокация науқанын қалай жоспарлау керек?
🚩Адвокацияны ілгерілету үшін табысты коммуникациялық стратегияны қалай жасауға болады?

Әрі қарай зерттеулерге ең белсенді және мүдделі қатысушылар өздерінің ақпараттық-түсіндіру стратегияларын іске асыруда ұйымдастырушылардың қолдауына ие болады.

Қатысуға ҮЕҰ өкілдері, журналистер, зерттеушілер және бюджеттік деректермен жұмыс тәжірибесі бар азаматтық қоғам белсенділері шақырылады.

🗓Мектеп 2021 жылдың 25 наурызынан 31 мамырына дейін жұмыс істейді.

Қатысу үшін integrity.astana@gmail.com мекен-жайына 2021 жылғы 16 наурыздан кешіктірмей түйіндеме мен мотивациялық хатты қоса аласыз (ең көбі 1 бет).

Нәтижелер 21 наурызға дейін жарияланады.

Жобаны Орталық Азиядағы USAID азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қорының қаржылық қолдауымен «INTEGRITY ASTANA» ММ жүзеге асырады.

Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, форманы толтырыңыз: 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSddjrlptkBZ-jR9Elm5wJGE8pqx32aEV05IoR3R0lhDGMgpoQ/viewform?usp=sf_link