Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі 2019

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі – облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейін өлшейтін құрал. Бұл құралды Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі – республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік шығыстарды мониторингілеу және бағалау мәселелерімен кәсіби айналысатын үкіметтік емес ұйымдар тобы әзірледі. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 2020 жылдың 20 мамыр күні «KazKenes» алаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолдауымен онлайн жиналыс өтті.

Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексінің 2019 жылғы зерттеу нәтижесін жариялау онлайн жүйеде болғандықтан, еліміздің жан-жақты бөлігінен жиналысқа 180 нен астам қатысушы болды. Бұл жарияланым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі іске асырған «Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі» жобасы шеңберінде шығарылып, «INTEGRITY ASTANA» ұйымының басшысы Нұрғалиев Жанат мырза көмегімен талқыланды. 2019 жылғы зерттеудің негізгі нәтижесі Қазақстан Республикасының 17 әкімшілік-аумақтың индексін анықтаудан тұрады, оған 14 облыс, ел астанасы Нұр-Сұлтан және республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалалары кіреді. 2019 жылы бюджеттің ашықтығы жалпы соңғы екі жылда айтарлықтай төмендегені және алдыңғы зерттеу кезеңдерімен салыстырғанда, айтарлықтай аз нәтиже көрсетіп, мүмкін болатын 100-ден 33 балды көрсетті, ал жергілікті бюджеттердің ашықтығын бағалау жұртшылықтың бюджет процесіне қатысуы мен хабардар болуы «ең төменгі» деңгейде екенін көрсетті.

Онлайн жиналыста жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін жақсарту жолдары қарастырылп, өңірлердің бұл жолдағы қадамдары талқыланды.

Жергілікті атқарушы органдар негізгі бюджеттік құжаттар (бюджет жобасы, Азаматтық бюджет, әлеуметтікэкономикалық даму болжамы, бекітілген бюджет, жыл ішіндегі есептер, жарты жылдық есеп, бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп және тексеру комиссиясының аудиторлық есебі) бойынша бюджеттік ақпаратты ашуға назар аударуы тиіс, бұл ретте атқарушы билік бюджетінің жобасы мен бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке ерекше назар аударуы тиіс. Бюджет жобалары зерделеніп, қоғамдық пікірталастарға ықпал етуі және өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарымен байланысты болуы тиіс екендігі түйінделді.

Жергілікті тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдар бюджетті қалыптастырудан бастап бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін бағалау және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының қаржылық емес көрсеткіштеріне қол жеткізу сатысына дейін бюджет құжаттамасына, бюджет процесінің әр түрлі кезеңдеріне қоғамдық қатысуға қажеттілікті мәлімдеуі қажет екендігі мәлім болды.

Презентация мен зерттеу материалдарына сілтеме: https://integrityastana.kz/issledovaniya/

Индекс открытости местных бюджетов 2019

Индекс открытости местных бюджетов – актуальный и действенный инструмент для повышения эффективности работы местных органов власти и уровня доверия к ним со стороны населения.

20 мая 2020 года в онлайн формате на площадке «KazKenes» при поддержке Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции проведен круглый стол с участием руководства Министерства финансов РК, местных исполнительных органов в регионах, экспертов Национальной бюджетной сети Казахстана, специальных мониторинговых групп и других заинтересованных сторон.

Стоит отметить, что благодаря онлайн формату, на мероприятии удалось поучаствовать более 180 участникам из разных уголков страны.

На круглом столе независимой Национальной бюджетной сетью Казахстана (НБСК) были представлены результаты исследования «Индекс открытости местных бюджетов в Казахстане за 2019 год», которое было проведено при поддержке Фонда Сорос-Казахстан и презентованы руководителем «INTEGRITY ASTANA» Жанатам Нургалиевым.

На круглом столе было отмечено, что ни один из регионов не набрал максимального количества баллов – 100, и каждому из них, даже тем, которые занимают лидирующие позиции Индекса, есть чему поучится у других регионов.

На мероприятии представители акимата Восточно-Казахстанской области рассказали про свой положительный опыт открытости местного бюджета.

Семь регионов демонстрируют «минимальную» открытость: Карагандинская, Акмолинская, Атырауская, Алматинская, Кызылординская, Мангистауская и Актюбинская области. Самому нижнему критерию «недостаточно или отсутствует» соответствуют три региона: Жамбылская и Туркестанская области, а также, получивший в 2018 году статус города республиканского значения – Шымкент, соответственно, для населения этих регионов очень затруднительно иметь подотчетные местные органы власти и отслеживать, как они управляют денежными средствами.

Участники совещания отметили, что рекомендации исследования как раз позволят приблизить местные органы власти к потребностям населения. По итогам исследования эксперты разработали рекомендации по повышению эффективности деятельности местных органов власти. Местные органы власти должны уделять пристальное внимание раскрытию бюджетной информации по ключевым бюджетным документам (проект бюджета, гражданский бюджет, прогноз социально-экономического развития, утвержденный бюджет, отчеты в течение года, отчет за полугодие, годовой отчет об исполнении бюджета и аудиторский отчет ревизионной комиссии), причем особое внимание заслуживают проект бюджета исполнительной власти и годовой отчет об исполнении бюджета. Проекты бюджетов должны подвергаться изучению, способствовать общественным дискуссиям и быть связанными со стратегическими целями развития региона.

Местным жителям и неправительственным организациям необходимо заявлять потребность в бюджетной документации, общественном участии на различных этапах бюджетного процесса, начиная с формулирования бюджета до стадии оценки результативности бюджетных программ и достижения нефинансовых показателей стратегических планов государственных органов. В завершении круглого стола, регионы сообщили, что примут планы мероприятий по устранению выявленных недостатков и примут системные меры по повышению открытости местных бюджетов на всех этапах бюджетного процесса.

С публикацией исследования и презентацией можно ознакомиться на сайте: https://integrityastana.kz/issledovaniya/